• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында консультативті кеңесші органның отырысы өтті (-4-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы орындауда, елімізде заң үстемділігі мен әділдікті сақтауда нақты нәтижелерге қол жеткізуге барлық шара қабылдауымыз қажет.
Негізінен бүгінде елімізде жаңа технологиялардың қарқынды даму кезеңі белең алды. Бұл бірінші кезекте заманауи, халықтың сұранысына бағытталған полиция қызметін қалыптастыруды көздейді.
Қазір департамент пен полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану басты назарда тұр. Атап айтқанда, полицейлер күнделікті жол жүрісі қағидаларын автоматты тіркеу жүйелерін, кеудеге тағылатын бейнетіркегіштерді, бейнебақылау камераларын белсенді қолдануда. Сондай-ақ қылмыстық, әкімшілік процестер толықтай электронды форматта жүргізілуде. Бұл жүйе азаматтарға тергеп-тексеру барысын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар былтыр қоғам қауіпсіздігін сақтау мақсатында облыс орталығында 15 жерде полицияны шұғыл шақыру үшін «Дабыл батырмалары» іске қосылды. Аталған құрылғылардың батырмасын басып құқыққа қайшы әрекеттер туындаған жағдайда полицияға дереу хабарлау мүмкіндігі артты. Сонымен қатар құқықбұзушылыққа куә болған жағдайда болған дерек туралы фото және видеоны хабарлама түрінде жолдау үшін «102 SOS» арнайы қосымшасы іске қосылып, жұмыстар атқарылуда.
Конституцияда көрсетілгендей – мем­лекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі. Қай кезде болмасын масаң күйде көлік басқарған адам жол-көлік оқиғасына ұшырап, апатқа себеп болатыны анық.
Полиция қызметінің негізгі жұмыс критерийі – ол халықтың полицияға деген сенімділігі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика