• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 10 МЫҢНАН АСТАМ ШЕТЕЛ КӨЛІГІ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Авг 1, 2023
Spread the love
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков мәлімдеді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетел автокөліктерін біржолғы заңдастыру туралы айтқан болатын. Осыған сәйкес, елімізде автокөліктерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Спикердің айтуынша елімізге шетелден әкелінген көліктерді тіркеп, қазақстандық нөмір беру бағытында бір реттік акция өткізілген. Ал Түркістан облысында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелмеген шетелдік көліктерді заңдастыруды жүргізу туралы тапсырма сапалы орындалған. Ал 2023 жылдың 30 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмерін алуға 19231 өтініш түскен. Оның ішінде 10615 автокөлік құралы тіркеліп заңдастырылып, 8616 автокөлік құралы заңдастырудан бас тартылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, еліміздің аумағына конструкторлық жолмен бөлшектеніп әкелінген шетелдік 250 автокөлік тіркеліп рәсімделген.
Осы ретте Алмасхан Тастанбеков Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысының полицейлері жүйелі жұмыстар атқарып жатқандығын және «Шетелдік көліктерді уақытша тіркеу туралы» енгізілген өзгерістердің тәртібін түсіндіріп өтті.
«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген және заңдастырудан өтпеген автомобильдерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі жұмысты көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері әкету немесе бастапқы тіркеуден өту туралы міндеттеме қойылды. Яғни 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу рәсімі енгізіліп, облысымызда осы бойынша жалпы 297 өтініш түсті. Оның ішінде 289 автокөлік құралы уақытша тіркеуге алынып, 8 көлік құралы уақытша тіркеуден бас тартылды. Осы орайда өңір тұрғындарын заңдастырылған көліктерді сатып алуға шақырамын. Өз кезегінде полицейлер заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, көлік құралдарын заңдастыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелері қатаң бақылауда тұрғандығын ескертеміз»,- деді Алмасхан Мамбетұлы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика