• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА 2 УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Май 4, 2024
Spread the love

Түркістан облысы Ордабасы ауданының 2 ауылында талапқа сай учаскелік полиция бекеттері ашылды. Жаңа полиция пунктінің бірі — Бөген ауылдық округінде, ал екіншісі Шұбар ауылдық округінде облыстық маңызы бар жолдың бойында орналасқан.
Ғимараттардың ашылу салтанатына Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев,
аудан әкімі Азат Оралбаев, прокурор Абзал Қыдырбай, мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Сыздықов, аналар кеңесінің төрайымы мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Жергілікті полицейлердің жаңа ғимаратқа қоныстануына арнайы келген Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев бекеттердің жұмысымен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесті.
«ҚР ІІМ Ержан Саденовтің тапсырмасына сәйкес учаскелік полиция инспекторларының азаматтарға сапалы қызмет көрсетуі үшін барлық жағдай жасалуда. Өйткені бірінші кезекте — полицияның ашықтығы, қолжетімділігі, құқық бұзушылықтар мен азаматтардың арыз-шағымдарына жедел ден қоюы. Талапқа сай ғимараттарыңыз құтты болсын! Әрқашан жұмыстарыңызға жауапты болып, халыққа адал қызмет етіңіздер! Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, профилактиканы талапқа сай жүргізу сіздерге байланысты!», — деп атап өтті полиция полковнигі Бағланбек Есембекұлы.
«Елдің амандығы мен құқықтарының сақталуы ішкі істер саласының қызметкерлеріне ғана емес, қоғамның алдындағы міндет. Бұл жұмыстарды бәріміз бірлесе атқаруымыз қажет»,- деді Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев.
Учаскелік бекеттер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Учаскелік инспекторлар тұрғындардың арыз-шағымын осында қабылдап, кез-келген мәселеге дер кезінде ден қояды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика