• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында «Бизнеске жол» жобасы аясында 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Автор:admin

Июл 27, 2023
Spread the love

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов мәлім етті.
Агенттіктің бастамасымен биыл елімізде кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасы іске қосылған.
Жобаның негізгі мақсаты — кәсіпкерлерге түрлі құжаттарды рәсімдеу кезінде әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.
Брифинг барысында спикер жұмыс күндері Департамент тарапынан кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу жолдары қарастырылғанын атап өтті.
Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес-қауымдастық өкілдерімен жеке қабылдау өткізіледі. Жоба басталғалы, яғни жыл басынан бері 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кәсіпкерлікке кедергі келтірген 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бизнес өкілдеріне жерді рәсімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, мемлекеттік қолдаулар, соның ішінде несиелер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер мен тәуекелдер ұшырасқан жағдайда, Агенттіктің 1424 орталығы тәулік бойы тегін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100 мекен-жайында орналасқан Департаментке келіп хабарлауға болады, — деді Ержан Әліұлы.
Айта кетейік, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметіне кез келген заңсыз араласуы, бизнес өкілдерінің жұмысына кедергі келтіруі, мемлекеттің саясатына жасалған кедергілер ретінде қабылданады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика