Түркістан облысында күннің ыстық-суығына қарамай, күндіз-түні блок-бекеттерде күшейтілген режимде жұмыс жасап жатқан полицейлердің ерен еңбегін жұртшылық жоғары бағалауда. Олардың бірі әлеуметтік желілер арқылы, алғыстарын жазып посттар салса, келесілері өз жүрегінен жыр тудырып, полицейлерге өлең арнады.
Нақтырақ айтсақ, Жетісай ауданының тұрғыны, Республикалық «Алпамыс батыр» қоғамдық қорының президенті, Мырзашөл өңірінің белгілі қаламгері, ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі, жеке кәсіпкер Бауыржан Оңғарбаев полицейлерге алғысын жаудырып, 6 шумақ жыр жолдарын арнады. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлының басқарушылық, ұйымдастырушылық қасиетін жоғары бағалай келе, ел басына күн туған шақта, алдыңғы шепте қайыспастан қызмет етіп жатқандар облыс полицейлеріне, осылай өлең жолдарымен ризашылығын білдірді.
Иә, расында елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты қоғамдық тәртіп пен карантин ережесін сақтауда полиция қызметі күні-түні аянбай қызмет атқаруда. Аталған өлең жолдары полицейлерді одан сайын жігерлендіріп, кәсіби шеберліктерін шыңдауға жетелейді деп сенеміз. Аға буын өкілі ретіндле полиция қызметіне жоғары баға беріп, өлең шумақтарын жолдаған Бауыржан Оңғарбаевқа, үлкен рахмет айтамыз!