• Чт. Май 8th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

Автор:admin

Май 8, 2025
Spread the love
Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өңір тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға Түркістан және Кентау қалаларының, Жетісай, Сарыағаш, Сауран аудандарының азаматтары келді. Олардың басым бөлігі тұрғын үй алу мәселелесін көтерді. Азаматтарға тұрғын үй заң аясында кезек реттілігімен берілетіні түсіндіріліп, жеңілдетілген бағдарламалар арқылы баспана алу туралы толық ақпарат берілді. Одан бөлек, жеке қабылдауда елді мекен көшелерін жарықтандыру, аяқжол мен жол салу, ойын алаңшаларын қарастыру, бақылау камералары мен полицияның тірек бекеттерін орнату, ауыз су сапасын жақсарту, әлеуметтік және денсаулық салаларына қатысты мәселелер айтылды.
Тұрғындардың өтініш-талаптары мен ұсыныстарын мұқият тыңдаған Зұлпыхар Жолдасов көтерілген әрбір мәселе жіті зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеп, орындалу барысы өз бақылауында болатынын айтты.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарларының өңір тұрғындарын жеке қабылдауы тұрақты түрде кестеге сәкес жүргізіліп келеді. Қабылдауға е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика