Алғашқы кездесулер Сайрам ауданы Ақсукент ауылының мектеп оқушыларымен өтті. Ондағы мақсат дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау әрі ұлттық, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Мектептегі мәселе оқушылардың формасына қатысты туындап тұр. Білім алса болды, киім киюді маңызды санамайтындар бар екен. Мектеп формасын сақтау — заң талабы. Зайырлы қоғам болғандықтан, мектептерге әркім өз білгенін кіргізе алмайды.
Оқушыларға тура жолдан тайдыратын уағызшыларды тыңдамау, ағымдардың жетегіне ермеу тәсілдері айтылды. Әлеуметтік желіде күмәнді дүниелерді бөлісудің соңы жақсылыққа апармайтыны ескертілді. Теолог Жангелді Битанов ҚМДБға қарасты имам, ұстаздарды тыңдап, ресми сайттарды оқуға шақырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай жастар тәрбиесіне көңіл бөлу керек. Орта және жоғары сыныпта оқитын ер балалардың көбісі синтетикалық есірткіге әуестеніп алыпты. Олардың сондайға әуестігін қыздар растап жатыр.
Мектеп жасындағы 7 мың оқушы қыз жүкті болған. Бұл сан алдыңғы жылдан 3 мыңға кем болғанымен бәрібір аз да, жоқ та емес. Ел боламыз десек етекті жабу керек. Мұның соңы қоғамда жетімдердің көбеюіне алып келеді. Тек қыздар емес, жігіттер жағы кінәлі. Ұлдарымызға қызға қиянат қылма, қыздарға жігіттерге жолама деп үйрету керек.
Қазір сол қызға қырық, ұлға отыз үйден тиым жоқтықтың жоғалғанынан өзімбілермен жастар көбейіп кеткен. Адамның адамдығы біреу жаман жолда жүрсе жақсылыққа шақыру, әділетсіздік етсе тоқтатуында екені жеткізілді.