• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ЛЕҢГІР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 7, 2023
Spread the love
Түркістан облысы Леңгір қалалық ауруханасына 2005 жылғы науқас түсті. Науқастың айтуы бойынша бір жыл көлемінде оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауру сезімі мазалап жүрген.
Алматы және Шымкент ауруханаларына қаралған, амбулаторлық ем қабылдаған.
Леңгір қалалық ауруханасындағы толық тексерулерден кейін науқасқа ота жасау жоспарланды. Жалпы өт жолы кесіліп, өт қабы алынып, жалпы өт жолына ащы ішек жалғанды.
Мұндай күрделі ота Леңгір қалалық ауруханасында бірінші рет жасалды. Отаны Леңгір қалалық ауруханасының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Елдос Сұлтанов жасады.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика