• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: “КЕҢ ДАЛА 2” ЖОБАСЫ ШАРУАЛАРҒА 5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ БЕРЕДІ

Автор:admin

Июн 20, 2024
Spread the love
Бүгін Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте “Кең Дала 2” бағдарламасы бойынша фермерлерді қаржыландырудың шарттары баяндалды.
“Соңғы үш жылда “Аграрлық несие корпорациясы” — “Кең дала” бағдарламасы аясында жыл сайын көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 140 млрд теңге көлемінде қаржы беріп келеді. Биыл қаражат 300 млрд теңгеге ұлғайтылды. Сондай-ақ, бұл жобаның тиімділігі — шаруаларға төмендетілген 5%-дық несие беруінде. Сонымен қатар, шаруалардың кепілге қоятын мүлкі ұйымның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік “Даму” қоры шаруаларға 85%-ға дейін кепілдік беруге әзір”, — деді “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев.
Ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалының директоры Фурхат Миркаримов несие беру тәртібін түсіндірді.
“Бұған дейін несиелер қысқа мерзімге беріліп, оларды 1 желтоқсанға дейін өтеу қажет болса, қазір қарызды өтеу мерзімі ұзартылды. Енді қарыздардың 50%-н өтеу 1-желтоқсанға дейін, қалған 50%-ын келесі жылдың 1-наурызына дейін төлеуге болады. Бұл фермерлерге астықты барынша ұтымды бағамен сатуға мүмкіндік береді”, — деді ол.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика