• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Автор:admin

Сен 1, 2024
Spread the love
Кентау қаласы Шоқтас ауылы жалпы орта мектебінің ауласынан көп функционалды спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Қала әкімі Жандос Тасов білім күнімен ауыл тұрғындары мен балаларды құттықтап, ойын алаңшаның лентасын қиды. Қала әкімі белсенді ауыл тұрғынына ауылдың дамуына қосқан үлесіне ризашылық білдірді.
Аталмыш мектеп былтыр ғана бой көтеріп, пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда ауылдың 350 оқушысы білім алады. Балаларға білім мен тәлім беруде 100-ге жуық ұстаз қызмет атқарады. Мектеп оқушыларына барлық жағдайы қамтылған білім ордасының заманауи спорт залы бар.
Мектеп құрылтайшысы Насымбек Джанадилов биыл балаларға арнап ашық алаңға, жаңа ойын алаңша салып берді. Ойын алаңшаға Кентау қаласының құрметті азаматы, спорт шебері Қанатбек Шағатаевтың есімі берілді.
Жаңа ойын алаңша ауыл балалары үшін кез-келген уақытта спортпен шұғылдануға мүмкіндік бермек.
Қоса кететін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағында:
— Аумақты көгалдандыру;
— Тротуарларды жайластыру;
— Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
— Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
— Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
— Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
— Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
— Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика