• Сб. Фев 22nd, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 121 АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Автор:admin

Фев 14, 2025
Spread the love
Жетісай ауданында тұрғындар арасында «Жұмысшы мамандықтары жылы» мен ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жұмыссыздық деңгейін төмендету, мемлекеттік гранттар туралы ақпараттандыру, NEET санатындағы жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
200-ден астам азамат қатысқан жәрмеңкеде Жетісай ауданы аумағында орналасқан 22 мекемеден 173 бос жұмыс орны ұсынылып, мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында ақпараттар берілді.
Жетісай аудандық «Мансап» орталығының басшысы Олжас Қаныбеков пен жұмыс беруші мекеме басшылары мен кадр мамандары қатысқан жәрмеңкеде жұмыссыздар санатында тіркелген 45 азамат тұрақты жұмысқа, 23 азамат қоғамдық жұмыстарға, 58 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 5 азамат жастар практикасымен сұранысқа сай тиісті мекемелерге жіберілді.
Сонымен қатар жәрмеңке барысында Жетісай аудандық «Мансап» орталығы мамандары тарапынан ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «Күміс жас», «Ақылы қоғамдық жұмыс орындары», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» бағдарламалары, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы негізгі бағыттары мен ауылдық жерлердегі қоғамның қауіпсіз еңбек жағдайлары, кәсіби даму мен мансаптық өсуге қажетті мүмкіндіктер мен еңбек құқықтары бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика