Түркістан облысының орталығында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында форум өтті. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаментінің бірлескен бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Ауқымды шараға ҚР ІІМ-нің орынбасары Айдар Сайтбеков арнайы келді. Сондай-ақ шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұрын сотты болған азаматтар, тұрғындар қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу маңызды міндет екенін атап өтті. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз қажет. Есірткісіз қоғам құру – әрбір азаматтың алдында тұрған басты міндет деп есептеймін. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні анық. Облыс аумағындағы барлық білім беру ұйымдарында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!», «Жастар спортпен бірге», «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!», «Есірткіге жол жоқ!» атты ұрандармен арнайы іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде. Елімізде есірткі, психотроптық заттар мен оның аналогтары – «Трамадол» секілді дәрілік-препараттар психотроптық заттардың қатарына енгізілген…