• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БАЛАЛАРҒА «КЕРУЕН САРАЙДА» КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС КЕШІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Автор:admin

Июн 1, 2022
Spread the love

Балалар жылы аясында олардың сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ететін, жақсы білім алуына мүмкіндік беретін қандай іс-шаралар жүзеге асады? Мүмкіндігі шектеулі балаларға қандай жеңілдіктер қарастырылады? Ата-анасыз қалған балаларды қамқорлыққа алу үшін қандай бағдарламалар әзірленеді? Жалпы балалардың игілігі үшін қандай жұмыстар қолға алынатыны жөнінде ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар. Биыл Жаңа жыл қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады. Сол кезде Мемлекет басшысы: «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деген еді. «Балаға инвестиция салу – аймақ пен елдің табысты және тұрақты дамуының сенімді кепілі. Бүгінде Қазақстандағы балалардың саны 6 миллионнан асады. Олардың әрқайсысының ерекше қорғауға және көмек алуға құқығы бар екенін баса айтқым келеді. ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығына сәйкес, 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды, ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді», — дейді комитеті төрағасы Е. Иманғалиев. Енді статистикалық мәліметтерге көз жүгіртіп көрелік… 2021 жылдың маусым айындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда 6,1 млн бала бар. Оның жартысынан көбі, яғни 3,1 миллионы – ұл бала, ал 3 млн – қыз бала. 3,4 млн бала мектепте оқыса, 914 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Халық санының 1/3-ін құрайтын балалардың сапалы білім алуына, денсаулығының нығаюына мән беріп, күн тәртібіндегі шешілуге тиіс маңызды мәселелердің бірі етіп қоюы да содан шығар. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай дайындалған іс-шаралар жоспарына назар аударсақ, шынымен де биыл балалар құқығының қорғалуына, денсаулық жайдайын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың ахуалын жақсартуға, олардың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін бірқатар іс-шара тізбегін көре аламыз.  «Оның ішінде сапалы білім беру және тұлғаны дамыту, «Оқитын мектеп», «Мектеп парламенті», «Дебаттар» секілді республикалық жобаларды жасау, сонымен қоса волонтерлік қозғалыстардың жұмысын жандандыру арқылы тәрбие компонентін күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан бөлек берекелі отбасында тәрбиеленуіне, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтардың дәріптелуіне де назар аударылады. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі де басты орында болмақ. Сонымен қоса балаларға арналған инфрақұрылымды және балалар индустриясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Осыған байланысты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен және «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Мейірімге толы жүрек» тақырыбында іс-шара өтті. Шара барысында балаларға көңілді демалыс кеші ұйымдастырылды. Түрлі ойындар мен балалардың ой және дене дамуын арттыратын тартысты сайыстар өтіп, балаларға сурет дәптер, сурет салуға арналған түрлі қаламсаптар мен шарлар үлестірілді. Тәрбиелік мәні зор көңілді кеш ұйымдастырған белсенді жастарымызға ата-аналар мен балалар алғысын айтып, ерекше көңіл күйде тарқасты.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика