• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: БЫЛТЫР «TEN QOGAM» БӨЛІМІНІҢ ЫҚПАЛЫМЕН 11 АЗАМАТҚА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Автор:admin

Ноя 3, 2023
Spread the love
Биыл жыл басынан бері Түркістан қаласындағы «TEN QOGAM» бөлімінің қызметіне жүгінген 7 азамат қоғамдық жұмысқа орналасты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz ақпараттық агенттігі. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мақсатында жұмыс атқаратын аталған бөлім 2022 жылы 10 азаматты жұмыспен қамтуға ықпал еткен. Сондай-ақ 11 адамға мемлекеттік грант тағайындалып, қазіргі таңда кәсібін дөңгелетіп отыр.
Бүгін «TEN QOGAM» бөлімінің ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғаммен етене араласуға қолдаулар» тақырыбында жиын өтті. Басқосуға Түркістан қалалық «Адами әлеуетті дамыту бөлімінің» басшысы Оразкүл Шайхықызы, қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директор орынбасары Нұржан Дастанұлы, Түркістан қаласындағы медицина мекемелерінің әлеуметтік сала қызметкерлері және қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Шара барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қоғамға бейімдеу және жұмыспен қамтуға қажетті ресурстарды тарту мәселелері талқыланып, ұсыныстар назарға алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Атап өтерлік, «TEN QOGAM» бөлімінің қызметіне жүгінуге ниетті адамдар +7 778 409 50 51 байланыс нөміріне хабарласа алады. О.Мұсабеков көшесі №2а ғимаратында орналасқан.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика