• Сб. Май 24th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕР ТЫҢДАЛДЫ

Автор:admin

Май 24, 2025
Spread the love

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. Жетісай, Сауран, Созақ аудандары,Кентау мен Түркістан қалаларынан келген тұрғындар білім беру және әлеуметтік салаларға қатысты мәселелерін жеткізді.
Кездесуде басқармалардың өкілдері арыз-өтініштерге байланысты ақпараттар берді. Қабылдауда көтерілген сұрақтардың басым бөлігі заңсыз жұмыстан босату, виртуалды
оқуды қолға алу, дамыту орталығын ашу, құрылыс жүргізу бойынша талқыланды. Біріжеке проблемаларды ортаға салса, бірі қоғамдағы өзекті мәселелерге зер салуды ұсынды.
Бейсенбай Дәулетұлы талап-тілектердің барлығы Заң аясында зерделенетінін,бақылауында болатынын және оң шешілуіне ықпал жасайтынын айтты. Жауапты тұлғаларға әрбір шағымды мұқият қарауды тапсырды.
Айта кетейік, Б.Тәжібаев өзі жетекшілік ететін білім беру, денсаулықсақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағыттар негізінде «Ашық әкімдік» кеңсесінде ай сайын өңір тұрғындарымен бетпе-бет жүздесіп, ашық диалог құрады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика