• Чт. Май 1st, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ПАРКТЕР ШЕРУІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 30, 2025
Spread the love
Арыс қаласына қарасты Қызыл көпір елді мекеніндегі М. Тынышбайұлы атындағы жалпы орта мектебінде «Парктер шеруі – 2025» халықаралық табиғатты қорғау акциясы өтті. «Жасыл Қазақстан – жарқын болашақ» ұранымен өткен акцияға мектеп оқушылары мен мұғалімдер және өңірлік табиғи парк мамандары қатысты.
Шараның мақсаты – туған жер табиғатына ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғат ресурстарды сақтау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі мәселелерін және мемлекеттік табиғи қорығы қорының нысандарын сақтап қалуға жалпы жұртшылықтың назарын аудару.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін акцияны Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып отыр.
Аталған жиын барысында жауапты мамандар мектеп оқушыларына шараның маңыздылығын атап өтіп, көпшілікті қоршаған ортамызды қорғауға, табиғатты аялауға атсалысуға шақырды.
Акция барысы тақырыпқа сай концерттік бағдарламамен жалғасты. Сондай-ақ оқушыларға қоқысты дұрыс сұрыптаудың маңызы түсіндірілді. Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика