Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ғимаратында қылмыстардың қайталануының алдын алу мақсатында, прокуратура мен полицияның ұйымдастыруымен жиналыс өтті.
Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Серікбаев, аудан прокуроры Р.Ермаханов, аудандық пробациялық қызмет бөлімшесінің бастығы А.Дәулетов пен жұмыспен қамту орталығының маманы Е.Сейдахметов, аудан әкімдігінің кәсіпкерлікті дамыту бөлімі, басқа да мемлекеттік мекеме өкілдері мен психолог маманы, пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.
Мәжілісте шартты түрде сотты болған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие алу, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, кәсіп ашуға берілетін қайтарымсыз гранттар бойынша ақпараттар беріліп, аудандағы жұмыс беруші кәсіпорындарда жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар жиынға қатысқан құқық қорғау органдары қосымша ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жалпы жиынның мақсаты — пробация есебінде тұрған заматтарды жұмыспен қамту, оларды әлеуметтік шараларға қатыстыру, қоғамға бейімдеу және қоғамнан оқшаулауға жол бермеу.