23-маусым «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Түлкібас аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Сұлтанов, ауданы әкімінің орынбасары Е.Ормановтың және жеке құрамның қатысуымен салтанатты шара өтті.
Өзінің ыстық ықыласын білдіріп, қызмет атқару барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, үлгілі тәртібі мен қоғамдық тәртіпті сақтауда, жедел-қызметтік мәселелерді шешуде, болған қылмыстарды ашуда және қылмыстың алдын алу мақсатында қызметтерін абыроймен атқарған қызметкерлерді марапаттады.
Сондай-ақ 23-маусым «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Орманов полиция қызметкерлерін құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін алғыс хаттар табыстады.
Еткен еңбектің еленетіндігін мақтан тұтқан ардагерлер кеңесінің төрағасы жеке құрамға өз құттықтау сөзін жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі.
Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу – мұның бәріне жоғары кәсібилік қана емес, сондай-ақ батылдық, борышқа адалдық, жауапкершілік қажет. Барлық полиция қызметкерлеріне кез келген сәтте көмекке келуге дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Тәртіп сақшыларының жұмыстарының тиімділігі — қазақстандықтардың қауіпсіз өмірінің, ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі.
Полиция жұмысы – бұл қылмыспен күрес, қиын сәтте көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу. Республика бойынша күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі