«Аманат» партиясының Түлкібас аудандық филиалының мәжіліс залында Түлкібас ауданы прокуратурасының прокуроры Е.Өскенбаевтың қатысуымен Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жол бермеу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қызметкерлерге елдің хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, елміздің өсіп өнуіне және дамуына атсалысып, жемқорлықпен күресу керектігі айтылды. Көптеген сұрақтар талқыланып, қызметкерлер өз сұрақтарына жауап алды.