Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан аудандық әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын жүзуге тегін үйрету бойынша 8 меморандум жасалып, 1200 ден аса баламен инструкция өткізілді.
Жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жазатайым оқиғалар орын алуда.
Оның бірден-бір себебі орнатылған тыйым салу белгілеріне назар аудармау. Мәселен, қайғылы оқиғалардың басым көпшілігі шомылуға тыйым салынған орындарда және жеке тұрғын үйлердегі бассейндерде тіркелген.