• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Туризм және спорт министрлігінің өкілі жазғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы жайлы баяндады

Автор:admin

Июн 28, 2024
Spread the love
2024 жылғы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оның ашылуына 28 күн қалды. Бүгінгі таңда қазақстандық спортшылар 83 лицензия жеңіп алды. Олимпиадаға дейін 5 шілдеде жеңіл атлетикадан лицензиаттар анықталады. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір оқ ату мен семсерлесуден лицензия алудан оң динамика байқалып отыр. Ал, теннис пен еркін күрестен жолдама саны азайды. Сондай-ақ тарихта алғаш рет ауыр атлетикадан қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына қатыспайды.
«Лицензия жеңіп алған барлық спортшы спорт түрлерінің ерекшеліктеріне, физиологиясына және әр спортшының қажеттіліктерін ескере отырып, жеке жоспар бойынша өз дайындығын өткізіп жатыр. Табысты дайындық үшін 10 спорт түрінен 14 шетелдік маман тартылған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спорт саласындағы басқару институттары арасында тиімді коммуникацияларды үйлестіретін және қамтамасыз ететін Штаб құрылды», – деді спикер.
Дене шынықтыру және спорт академиясымен бірлесіп кешенді ғылыми топ құрылды. Спортты дамыту дирекциясы, Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры тарапынан спортшыларды сапалы даярлау үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика