• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ТУБЕРКУЛЕЗДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Автор:admin

Ноя 9, 2023
Spread the love
Туберкулез (құрт ауруы) – (лат.тілінде Tuberkulum — төмпешік) – ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру. Адам ағзасының тырнақ пен шашты қосқанда, барлық органдары мен тіндерін зақымдайтын туберкулездің өкпеден тыс түрлері де дамуы мүмкін.
Туберкулез (құрт ауруы) – ауа арқылы да жұғатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру. Адам ағзасының барлық органдары мен тiндерiн зақымдайтын өкпе құртынан басқа да түрлерi бар. Оның қоздырғышы – туберкулез таяқшасы. Кох таяқшасын – белгiлi немiс ғалымы Роберт Кох 1882 жылғы 24 наурызда ашқан. Дерттiң жұғу ошағы – ашық түрдегi туберкулезбен ауыратын науқас. Себебi, оның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлiнедi. Осындай ауамен демалған денi сау адам ауруды жұқтырып алады. Туберкулез таяқшасымен зақымданған шикi сүттi және басқа да сүт өнiмдерiн пайдаланудан, ауру жануарға күтiм жасаудан да жұғады. Науқас тиiстi ем қабылдамаса, жылына 10-15 адамға зардабы тиюi мүмкiн. Туберкулездiң дамуына ықпал ететiн факторлар көп. Бұл – әлеуметтiк тұрмыстың нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелiстер, iлеспе аурулар (қант диабетi, жарақаттар, созылмалы өкпе аурулары, АИТВ/ЖИТС) және зиянды әдеттер.

Құрт ауруының негiзгi белгiлерiн мына жәйттерден байқауға болады. Жөтел екi аптадан асып, адам бойында тершеңдiк сезiлсе, аурудың басталғаны. Дене қызуы ұзақ уақыт бойы басылмай, әлсiздiк жайлап, тез шаршай бередi. Тамаққа деген тәбетi кемiп, бiрте-бiрте салмақ тастайды. Кеуде тұсы ауырсынып, қан түкiруi мүмкiн. Сондықтан аурудың алдын алған абзал. Кеш анықталса, оның салдары өлiмге де әкеп соқтырады. Өкпе туберкулезiн уақтылы анықтау үшiн қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргiзiледi. Ал, балалардың ауруын анықтау мақсатында Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бiр жастан бастап жылына 1 рет салынады.

Жеке бас гигиенасын сақтау маңызды рөл атқарады. Дұрыс тамақтанып, (ет, сүт өнiмдерi, балық, дән тағамдары, көкөнiстер мен жидектердi ас мәзiрiнде жеткiлiктi мөлшерде пайдалану) салауатты өмiр салтын ұстанған жөн. Таза ауада жиi серуендеп, денешынықтыру жаттығуларын жасаған абзал. Темекi, алкоголь iшiмдiктерi, есiрткi сияқты зиянды әрекеттерден аулақ болған ләзiм. Науқас пайдаланатын құралдар мен ыдыстардың бөлек болғаны дұрыс.

Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам, себебі оның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді. Еденге немесе жерге қақырықты түкірген кезде ол шаңмен араласады. Осындай шаңмен демалған дені сау адамның туберкулезді жұқтыруы әдбен мүмкін. Адам туберкулез таяқшасы мен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас тиісті ем қабылдамаса, жылына 10-15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Алайда туберкулезді жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды, себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауруға мүмкіндігі жоғары. Көптеген адамдар өмір бойы туберкулез бактериясын жұқтырған болуы мүмкін, бірақ аз ғана бөлігінде ауру дамиды.
   Туберкулез бактериялары сыртқы ортаға өте төзімділігімен ерекшеленеді. Көше шаңдарында бактериялар өмір сүру қабілетін 10 күнге дейін сақтайды, ал кітап беттерінде өмір сүру қабілетін 3 айға дейін, науқастың киімі мен төсекжаймасында 3-4 айға дейін, суда 5 айға дейін сақтаса, қарда – шексіз.
   Туберкулез жұқтыру барысында аурудың дамуы мен ауыр ағымына ықпал ететін факторлар көп. Бұл – әлеуметтік тұрмыстың нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелістер, ілеспе аурулар (қант диабеті, жарақаттар, созылмалы өкпе аурулары, АИТВ/ЖИТС), зиянды әдеттер.
Туберкулездің негізгі белгілері:
1. Салмағын жоғалту;
2. тершеңдік;
3. Кеуде тұсының ауыруы;
4. қантүкіру;
5. Жалпы әлсіздік және тез шаршау;
6. Дене қызуының ұзақ уақыт көтеріңкі болуы.
   Туберкулездің алдын алу шаралары
1. БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде милиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттің дамуы мен асқынуын және таралуын тежейді.
2. Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін қақырық қабак териоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақтылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап, жылына 1 рет салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен папуланы (түйінді) өлшеу арқылы белгілі болады. Папуланың тек көлденең өлшемі тіркеледі, ал қызарған аймағы есептелмейді.
3. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдарымен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.
4. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
5. Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.
6. Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу.
7. Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:
1. үйді тұрақты түрде желдету;
2. Айналаңдағыларға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру.
3. Көпшілік жүргіншілердің қозғалысы басталмай тұрып, таңертеңгі уақытта көшелер мен аулаларды тазарту, бұл шаңнан мүмкін болатын Кох таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
4. тура күн сәулелері 5 минут ішінде туберкулез қоздырғыштарын өлтіреді; .
5.1% натрий гипохлориді қақырықты ерітіп, туберкулез таяқшасын тез жояды;.
6. Кох таяқшасы 60С температурада 20 минуттан кейін және 70С температурада 5 минуттан кейін өледі;.
7. Науқас пайдаланған қағаз бет орамалдарды міндетті түрде өртеу керек;
8. көрпелер мен жүннен жасалған заттарды желге қағу және күнге жаю залалсыздандырудың ең қарапайым әрі жақсы әдісі болып табылады. Сондай-ақ, туберкулез бактериялары жоғары температураға сезімтал келеді;.
9. Сонымен қатар, Кох таяқшасына хлор белсенді әсер етеді, сондықтан хлорамин ерітіндісін, хлорлы әкті зарарсыздандыру үшін жиі қолданады.
Туберкулез ауа тамшыларымен таралуына байланысты әр бір адамның жұқтыру қаупі бар, өйткені ауа барлығына бірдей. Көбіне туберкулезге шалдығудың үлкен қатері туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастармен балалардың қатынаста болуы. Сондықтанда туберкулезбен күресте алдын алу өте пайдалы. Олар спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді. Спецификалыққа химиятерапевтік емдеу мен вакцинация жатады. БЦЖ егуі балаларды туберкулезден қорғайды, егер қарсы көрсетілім болмаса перзентханаларда барлық нәрестелерге жасалынады, қарсы көрстелім болған жағдайда 1 жасқа келгенше жасалынуы керек. Сондай ақ балалардың екінші 6 – 7 жас аралығындағы қайта егуі. Қазақстанда балаларды туберкулезге қарсы егу 100% – ды құрайды.
Жұқпалы және жұқпалы ауруларды химипрофилактикасы. Туберкулезбен ауырған түлғаларда қайталауға қарсы емдеу.
Балаларда алдын алу:
Балаларда аурудың алдын алу негіздері вакциналардан тұрады. Біздің заманда көптеген ата-аналар өзінің балаларына екпе жасатудан бас тартуына қарамастан, екпе міндетті түрде өтуі қажет. Өйткені, баланың өсіп келе жатқан ағзасына туберкулездің жұғуы өмірлік мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Cондықтан балаға екпе жасау мүмкіндіктерін елемеуге болмайды.
Вакцинация бірінші рет бала туғаннан бастап 5-7 күнде жасалады. Сондықтан мұндай екпелер тіпті перзентханада жасалады.
Дегенмен, перзентханада жасалған екпелер адамның барлық өміріне жеткіліксіз. Сондықтан балаларға бастапқыда 7 жаста, кейін 14 және 17 жаста қосымша вакцинация жүргізіледі. Екпе жасар алдында, міндетті түрде нәрестеге туберкулез індетін жұқтыруға сынама жасалады. Мұндай сынама Манту реакциясы деп аталады. Егер реакция өте күшті болса, бала фтизиатр дәрігердің есебіне қоюды және оның денсаулығын бақылауды қажет етеді. Манту реакциясы теріс болған жағдайда ғана вакцинация жасауға болады.
Кез-келген сырқаттану толық сауыққанға дейін вакцинация мерзімін ауыстыруға себеп болады. 17 жастан кейін екпелер қажет болған жағдайда ғана жасалады.
Ересектердің алдын алу
Адам өзі әлбетте міндетті:
1.​ Тұрақты флюорографиялық тексеруден өтуге. Мұндай тексеруді жылына бірден артық өтуге болмайды. Көптеген адамдар артық сәулелеуді қаламай флюрографиядан бас тартады. Бірақ, флюрография өту кезінде болатын сәулелеудің ол мөлшері туберкулез ауруы болатындай айтарлықтай залал келтірмейді.
2.​ Спортпен айналысып және саламатты өмір салтын сақтауға.
3.​ Дұрыс тамақтануға. Яғни қосынды және түрлі концентраттарды емес, пайдалы, дәрумендерге бай тамақты пайдалануға.
4.​ Жеке гигиеналар ережелерін сақтауға.
5.​ Ішімдік пен шылым шегуден бас тартуға. Кез-келген қауіпті аурулардың пайда болуына қабілеттейтін осындай өмір салты секілді нашақорлық пен уытиқұмарлық (токсикомания) туралы айтудың қажетіде жоқ.
Мұндай алдын алу туберкулезді жұқтырып, бірақ сырқат инкубациялық кезеңде болып және еш анықталмаған жағдайда да көмектеседі.
Ересектердің есінде болуы қажет, балаға туберкулезге қарсы екпе жасалған жағдайда болмасын бәрібір оған жақсы өмір жағдайын жасап және жұқтыру мүмкіндіктерін болдырмау қажет. Флюрографиядан өз уақытында өтудің арқасында туберкулезден өзін қауіпсіздендіріп, ата-аналар балаға осы қауіпті ауруды жұқтырмас үшін оларды қауіпсіздендіреді. Пәтерде тазалықты сақтау, өз уақытында хлоркамен сулы жинастыру өткізу және күннің көзіне көрпе мен жастықты құрғату маңызды рөл атқарады.
Спецификалық алдын алу шараларына химиятерапиялық алдын ала емдеу жатады, яғни науқастармен қатынаста болған жұқтырылған балалар арасында алдын алу шаралары. Жұқтыруды болдырмаудың бірден – бір шаралары қатынаста болғандарды уақытылы тексеріп, балаларды жұқпалы ошақтардан бөлектеу, сондай ақ туберкулездің таралуын тек туберкулез науқасының уақытылы емделуімен тоқтатуға болады.
Балаларды туберкулез ошақтарынан бөлектеу үшін барлық облыстарда балалар-бақшасы, мектеп – интернаттар және балаларға арналған шипа – жайлар қарастырылған.Еліміздің тұрғындарына туберкулезге қарсы көмекті арнайы көп салалы, қымбат медициналық құрылғылармен, заманауи рентгенаппаратуралармен, жылжымалы флюрографиялық қондырғылармен жабдықталған мекемелер қызмет көрсетеді.

Денсаулығыңызды күтiңiз! Сау болуыңыз өзiңiзге тiкелей байланысты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика