• Вс. Апр 20th, 2025
Популярные метки

ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАНУ ШАРАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ (-2-)

Автор:admin

Июн 26, 2024
Spread the love

Радикализм (лат. radix – түбір, түп, тамыр) – белгілі бір көзқарасты бұлтартпай ұстану, тек соны жақтау деген мағынаны білдіреді. Радикализм ұстанымы қалыптасқан қоғамдық дәстүр мен үрдістерді, көзқарас пен институтты өз идеологиясына қарай өзгертуге бағытталады. Зерттеушілердің пікірінше, тарихтың ауыспалы кезеңдерінде пайда болатын бұл феномен қоғамның саяси-әлеуметтік саласында жиі көрініс беріп жатады. Радикализм сипаты мен ұстанымына қарай саяси, діни және философиялық деп бөлінеді.
Бүгінгі таңда Таяу Шығыс елдерінде, яғни мұсылман әлемінде орын алған лаңкестік ұйымдар тарапынан жасалып жатқан қақтығыстар мен кескілескен ұрыстар негізінде діни радикалдық және саяси себептер де жоқ емес. Діни радикалдық идеология экстремистік, террорлық ұйымдарды қалыптастырудың негізгі «құнарлы топырағы» болса, діни экстремистік және террорлық актілердің жиі орын алуы өз кезегінде әлемде «исламофобия» түсінігін қалыптастырды. Бір феноменнің пайда болуы екінші бір феноменнің кең қанат жаюына түрткі болуда.
Елімізде діни радикалды көзқарасты ұстанушылар тобының пайда болуының бір-бірінен ажырамас бірнеше сыртқы және ішкі факторлары бар. Жетпіс жыл бойы Ресейдің бодандық саясаты салдарынан діни сауаты таязданған халқымыздың мәдени және діни, жалпы алғанда рухани құндылықтарға деген сұранысының артуы елімізде діни радикалды көзқарасты ұстанушы адамдар тобының қалыптасуына қолайлы жағдай тудырды. Бұл ішкі фактор – еліміз өз алдына тәуелсіздігін алғаннан кейін, белгілі бір жастар тобының өз беттерінше Пәкістан, Сауд Арабиясы және т.б. елдерде діни білім алып отанымызға оралуы…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика