• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК

Автор:admin

Июл 13, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Кезекті қабылдауды «Zangerler Palatasi» маманы Анара Мырзағалиева мен Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Карабаева Наргиз өткізді.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі қаржылық сауаттылық, кепілсіз несие бойынша банкрот деп тану, жер телімдерін заңдастыру, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану және өзге де мәселелер төңірегінде сұрақтар қойды. Мәселен, қала тұрғыны өз ауласына салған дүкенді заңдастыру үшін кеңес сұрай келіпті. Алимент өндіру бойынша сотқа жазған арызы көптен қараусыз жатқанына шағымданды.
Көшбасшы партияның қабылдау бөлмесіне азаматтар түрлі сауалдармен келген. Солардың бірі Мейрамкүл Гуламова өз танысына қарызға ақша беріп қайтара алмай жүргенін айтты. Заңгер маман өтініш иесіне сотқа жүгіну жолдарын түсіндіріп берді. Ал, Нури Адилова болса немерелеріне туу туралы куәлік ала алмай жүргенін айтып, көмек сұрай келген екен. Рахима Хайдарбекова есімді шымкенттік тұрғын баспанасын алаяқтықпен тартып алғанын айтып, заң аясында консультативті кеңес алды.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасының негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік әлсіз тобына заңгер, адвокат, медиатор мамандар арқылы халыққа тегін құқықтық көмек беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Еске сала кетейік, партия қабырғасында аптасына екі рет тұрғындарға «Құқықтық көмек» жобасы аясында тегін заңгерлік кеңес беріледі. Сондай-ақ, айына бір мәрте заңгерлер шалғай аудандарға барып, халыққа құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Айта кетейік, былтыр партияның қалалық филиалына 10 мыңға жуық адам түрлі жағдаймен көмек сұрап, өтініштерін қалдырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика