«AMANAТ» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында жастарға «Шымқала» тарихи-мәдени кешенін экскурсия ұйымдастырды. Ондағы мақсат өскелең ұрпаққа ұлтымыздың салт-дәстүрі мен тарихын тереңірек таныстыру болатын.
Іс-шараның басты мақсаты – қазіргі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата -дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жандандыру, өнер әлеміне жетелеу, ежелден қазақ келіндеріне тән әдемілік пен ізеттілік, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді насихаттау. Сонымен қатар, ақылды да, үлгілі келіндерді елге таныстыру.
Ескі қалашықты аралау барысында жастар қаламыздың іргетасы осыдан 2200 жыл бұрын қаланғаны жайлы құнды мағлұматтар алды. Сондай-ақ, шаһар аумағынан табылған көне жәдігерлермен танысты.
«Ұлттық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру. Қоғамдық дәріс түрінде өтіп жатқан іс-шара халқымыздың 1920-1930 жылдардағы қасірет тағдырынан сыр шертеді.
онымен қатар, Партияның Саяси тұғырнамасында тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытындағы бастамаларға үнемі қолдау көрсетілетіні, Алаш арыстарының ұлы мұраты үнемі үлгі-өнеге болатыны анық жазылған. Соның бір дәлелі ретінде, былтыр партия отандастарымыздың жан азығына айналған «Бабалар аманаты», «Алтын домбыра», «Тәуелсіз елім – тірегім» республикалық ақындар айтысын, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізді. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.
Халқымыздың тарихына, мәдени өміріне ой жүгіртіп көрсек, ерте заманда он саусағынан өнері тамған ісмер, шеберлердің, қолөнер шеберлерінің әсем бұйымдары мен елін қорғаған батырлары үшін қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман жасалғаны өз алдына бір шежіре.Халқымыздың тұрмысын одан әрі көркейту, еңбек ету мен өмір сүру жағдайын жақсартып, олардың ұлттық мәдениетін көтеру – қәзіргі кезеңде алға қойылған міндеттердің бірі. Бұл міндеттердің көздеген мақсаты – ұлттық өнерді халық игілігіне асыратын жоғары сапалы бүгінгі күннің эстетикалық талабына сай заттарды өндіру ісін жолға қою. Осындай үлкен істің басы-қасында болар, сол істі тындырар адамдардың бір тобы – сәндік өнер, дизайн және қолөнердің кәсіпқой кәсіби шеберлері. Халықтың мәдениеті өскен сайын олар тұтынушылық тауарлар мен жабдықтардың жоғары сапа стандарттарын талап етті және олардың жоғары сапалы және сәнді болуын қалады.
Іс-тәжірибенің негізгі мақсаты – әлеуметтік және жеке маңызды қажеттіліктер мен қызығушылықтарды қалыптастыру арқылы тиімді жүзеге асырылатын этно мәдениет пен қолөнер дәстүрін жаңғырту және дамыту, студенттердің шығармашылық өзара әрекеттесуі, студенттік өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары тұрақты әлеуметтік құндылық бағдарларын жастардың дамуы әлеуметтік-мәдени белсенділік, азаматтық жауапкершілік және бос уақытты өзін-өзі жүзеге асыру.