• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Танысын ұрып-соғып, телефонын тартып алған

Автор:admin

Июн 14, 2024
Spread the love

Төлебилік полицейлер тонау қылмысын ашты. Яғни ұялы телефон ұрлаған 29 жастағы күдіктіні полиция дер кезінде анықтап, қылмыстық іс қозғады.
Анықталғандай, екі жігіт аудандағы көшелердің бірінде ішімдік ішкен. Содан соң күдікті жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап, біреуге хабарласатынын айтқан. Сол сәтте екеуі сөзге келіп қалып, күдікті жәбірленушіні соққыға жыққан. Содан ұялы телефонын ашық түрде тартып алған.
Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде ұялы телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Айта кететін, Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойған болатын.
Қазақстан гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюды өзінің жақтайтынын көрсетуде. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қауіптілігін елемеуге болмайды, ол тек адамға зиян келтіріп немесе өлімге әкеліп қана қоймай, балаларды жетім күйге түсіреді әрі күйзеліске ұшыратады.
Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған нормалар енгізілді.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды
Тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу үшін 80 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулікке дейін қамау түрінде жаза енгізіледі. Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика