Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Күншығыс шағынауданындағы №55, №40, №41, №67, №42 және №66 көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өткізілді.
Іс-шара барысында аула аумақтарында санитарлық-тазалық жұмыстары атқарылып, қураған ағаштар кесілді, шөптер орылды, ағаштар әктеліп, аулаларда жалпы тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке жергілікті тұрғындармен бірге коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер белсене қатысты. Іс-шараға 5 арнайы техника бірлігі мен 57 жұмысшы жұмылдырылып, нәтижесінде 3 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.
Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің көріктендірілуіне өз үлесін қосатыны сөзсіз.