Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» сенбілік акциясында өздеріне бекітілген учаскелік полиция пункттерін тазартып, сыртқы аулаларды түгелдей қураған шөптерден тазартып шықты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Тәртіп сақшылары арнайы киімдерін күнделікті тұрмыстағы киімге ауыстырып, қолдарына күрек пен сыпыртқы алып, айналадағы шашылған қоқыстарды теріп, қоқыс жәшігіне жинады. Тазалық үшін өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар полицейлер тарапынан жиі ұйымдастырылады
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі