• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСТАР БАДАМ ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫН ТАЗАРТУҒА АТСАЛЫСТЫ

Автор:admin

Июл 29, 2024
Spread the love

Қала аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалау, ретке келтіру іс-шаралары жалғасуда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Қала жастары Әл-Фараби ауданы аумағындағы Бадам өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға еріктілер және ҮЕҰ өкілдері, жалпы 40-қа жуық белсенді жас қатысты. Жастар өзен бойын қалпына келтіріп, қалдықтар мен қоқыстарды тазалау жұмыстарын атқарды.
Жалпы, аудан аумағындағы тазалық шараларына 180 адам, 10 техника жұмылдырылған. Бұл бағыттағы шаралар күнделікті кестеге сәйкес көпқабатты тұрғын үйлер мен елдімекендерде қарқынды жүргізілуде.
Бадам – Қаланың солтүстік-батыс аумағын қамтитын қала тұрғындарының бір сәт демалуына және қала маңындағы елді мекендерде егін және бау-бақшаларды сумен қамтамасыз ететін бірден-бір өзен. Сондықтан да өзеннің жағалауын тазалықта ұстау басты міндет. Осы орайда, “Таза Қазақстан” акциясы аясында өткізілген сенбілікте 40-қа жуық белсенді жастар мен волонтёрлар Бадам өзенінің бойын күл-қоқыстан тазартып, демалушылар аймағын ретке келтірді.
Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес түрлі мекеме қызметкерлері атсалысуда. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ал, Бадам өзенінің бойын тазалауға өз үлесін қосқан ерікті Тоқтасын Қамбар қаламыздың тазалығы басты назарда екенін, оған әрбір қала тұрғындары белсене атсалысуы қажет екенін жеткізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан акцияға жастар осылайша тек елді мекендерді емес, табиғат аясының да тазалығын сақтауға үлесін қосып келеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика