Тазалық – денсаулық кепілі дегендей, түркістандық тәртіп сақшылары осы аптада да сенбілік өткізді. Тазалық жұмыстарын жүргізуге Созақ аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы шығып, барынша белсенділік танытты. Ұжым болып, жарыса жұмыс істеген олар өздерінің ауызбіршілігі мен өңір тазалығы үшін жасалатын іске бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті.
Айта кететін, Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Полицейлердің бір тобы бөлімнің ауласындағы шөптерді шауып, қоқыс жәшігіне жинаса, келесілері ауланы сыпырып, ағаш түптерін ақтады, қоршауларды сырлады.