• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«СЫР МЕН СЫМБАТ»

Автор:admin

Авг 1, 2024
Spread the love

Сауран ауданы әкімдігі ішікі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Сыр мен сымбат» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық — ұлт бренді» тақырыбында қыздар арасында атадан балаға мұра болып сақталған қолөнер бұйымдарын (киіз басу, түкті кілем тоқу) таныстыру мақсатында тәжірибе алмасу сабағын өткізді.
Мақсаты-жастарға атадан балаға мұра болып қалатын ұлттық құндылықтар мен қолөнерді насихаттау.
Аталмыш шараны Түркістан облысы ҚХА Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық аналар кеңесі Н.Жұманова ашып беріп қыздар клубының мақсаты салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды жастардың бойына сіңіре білу, аналарымыз бен жас келіндер, қыздарымыздың арасында өнегелі тығыз қарым-қатынасты нығайта білу керек екендігін жеткізді.
Отбасы дегеніміз – бұл шағын мемлекет. Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары. Ұлттық дәстүрлерден қол үзушілік тәрбиенің қайнар көзінен үзушілікке әкелетінін, ұрпақтар байланыстығы мен сабақтастығын бұзатынын, адамгершіліктің құлдырауын, еңбектің тәрбиелік мәнін құнсыздандыратынын тарихи тәжірибе қуаттап отыр. Демек, отбасы педагогикасымен байланысты мәселелердің маңызы ерекше. Сондықтан, қазіргі уақыттың маңызды проблемасы оқушылардың тәрбиесінде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын толық жүзеге асырудың қажеттілігі туындайды.
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – адам баласының өсіп — өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, отбасындағы тәрбиеден бастау алады. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды. Бір сөзбен айтқанда, отбасы — барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады. Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады.
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың ролі ерекше. Әке отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенім мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері, білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі. Әке – бәйтерек, бала — жапырақ. Ата – балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды.
Отбасында әкелері немесе аталары өз өнерлерін балаларына үйтеріп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлген. Баласының ата өнерін қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының ертедегі өсиет сөздеріне мән берсек, жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Осындай әке мұрасын жалғастырушы, өнерлі, талабы таудай, жан-жақты білімі бар азаматты тәрбиелеу ұлттық педагогиканың мақсатына жатады. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез-құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені баршамызға мәлім. Кез-келген ата-ана қызының ертең барған жерінде балдай татып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне баланысты. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс. Отбасы дегеніміз – бұл шағын мемлекет. Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары. Ұлттық дәстүрлерден қол үзушілік тәрбиенің қайнар көзінен үзушілікке әкелетінін, ұрпақтар байланыстығы мен сабақтастығын бұзатынын, адамгершіліктің құлдырауын, еңбектің тәрбиелік мәнін құнсыздандыратынын тарихи тәжірибе қуаттап отыр. Демек, отбасы педагогикасымен байланысты мәселелердің маңызы ерекше. Сондықтан, қазіргі уақыттың маңызды проблемасы оқушылардың тәрбиесінде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын толық жүзеге асырудың қажеттілігі туындайды.
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика