• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Суррогат ана Қазақстанда заңнамалық деңгейде рұқсат етілген.

Автор:admin

Сен 29, 2022
Spread the love

Ана ол өміріңдегі ең жақын жан. Ал Генетикалық ата-аналар суррогат ананың медициналық бақылау, қосымша репродукциялық әдістер мен технологиялардан өтуімен байланысты материалдық шығындарды өтеуге; жүктілік кезеңінде, босану және босанған кейін елу күн ішінде, ал жүктілік және босанумен байланысты асқынулар болған жағдайда — босанғаннан кейін жетпіс күн бойы медициналық қызметтерді төлеуге міндетті. Суррогат ана үнемі дәрігерге қаралып, оның нұсқаулықтары мен тағайындауларын қатаң орындауы тиіс; «тапсырыс берушілерге» жүктілік ағымы туралы үнемі ақпараттандыруы тиіс, ал ең бастысы — суррогат ана бағдарламасы бойынша оның туған баласын «тапсырыс берушілерге» беруі тиіс.

Суррогат ана мен сәйкес медициналық процедураларды іріктеу бойынша қызметтерді Қазақстанда ЭКО орталықтар мен мамандандырылған суррогат ана орталықтары жүргізеді (Суррогат ана агенттігі, «Болашақ» суррогат ана орталығы).

Суррогат ана қызметтері заңмен тыйым салынған әлемнің Франция, Германия,Австрия, Норвегия, Швеция тәріздес елдерімен салыстырғанда, суррогат ана Қазақстанда заңнамалық деңгейде рұқсат етілген.

Әлемде бұл әдіспен қанша сәби дүниеге келгені туралы ресми мәлімет жоқ, алайда бейресми сараптамаларға сенсек, дүниежүзінде суррогат ананың көмегімен 220 мыңдай сәби туылыпты. Мәселен, Бразилия заңы бойынша, бірге тумаған адамдардан басқаларға суррогаттық ана болуға тыйым салынған. Тек шынайы жаны ашыған туысқаны ғана суррогат ана болуы шарт. Тіпті Австрия, Норвегия, Швеция, Франция және Американың бірқатар штаттарында, Италия, Швейцария, Германия сияқты Еуропа елдерінде де оған тыйым салынған. Ал Италия, Франция, Германия елдерінде бұл тыйымды бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынып, тіпті түрмеге жабу да көзделген. Австралия, Ұлыбритания, Дания, Италия, Израиль, Испания, Канада, Нидерланды суррогат ана болуға рұқсат етілген, алайда есесінде ақы төленбейді. Бір қызығы, суррогат ана болуды табыс көзі ретінде заңмен реттеген елдер қатарында Американың бірқатар штаттары, Оңтүстік Африка Республикасы, РФ, Грузия, Украина, Белоруссия және Қазақстан бар. Бәлкім, біздің заңнамаға да толықтырулар мен өзгерту енгізу керек шығар. Айтып-айтпай не керек, елімізде суррогат ана іздеушілер де, болғысы келушілер де күн санап өсіп барады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика