• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

СУ АРНАСЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 65%-ҒА ОРЫНДАЛДЫ

Автор:admin

Авг 2, 2023
Spread the love

Шымкент қаласы аумағындағы 34 су арнасының 8-іне биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның үшеуі бүгінде аяқталып, бесеуінің жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі «Сасық-1» су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс басына барып, жауапты басқарма мен мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті.
Аталған су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарларға шолу жасады. Каналдың жалпы ұзындығы 14,1 шақырым.

Су арнасының жұмыстарына жауапты мердігер мекемеден 17 техника және елуге жуық жұмысшы тартылды. Қазіргі таңда бетон блоктары орнатылып, демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Жалпы жұмыстың қазіргі таңда 40%-ы аяқталуға жақын. Жоспар бойынша жоба биылғы жылдың қазан айында аяқталу белгіленген.

Қала әкімі мердігер мекеме басшылығына су арнасын пайдаланатын шаруалармен де кездесіп, құрылыс жұмыстарын тұрғындарға тиімді етіп ұсынуды тапсырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика