• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Мар 18, 2023
Spread the love

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы өкілдігінің төрағасы Н.Мейірбеков, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен Жұмабек Ташенов атындағы университетінде студенттерімен кездесу өтті.

Жастарға қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау және деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу, мәселелері қозғалып, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселесі жөнінде түсінік берілді.

Жиын барысында сөз алған спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасты. Еліміздегі қолданыстағы заңдылықтарын сақтаумен қоса, Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қатысты, этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу, жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу мен ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру мәселелері сөз болып, арнайы дайындалған бейнероликтер әзірленіп, кездесуге қатысуларға көрсетілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика