Созақ ауданында барлық ауылдар мен елді мекендерде «Бүкіләлемдік тазалық күніне» орай сенбілік өтті.
Аудан орталығы Шолаққорған ауылында тұрғындар 144 көшеге тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, шараға қатысушылар саябақтар мен ішкі көшелерді ретке келтірді. Сонымен қатар, «Шымкент-Созақ» бағытындағы жолдар мен айналма жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Ауыл сыртындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар да қоса қамтылып, ауылдардың аумағы абаттандырылды. Бірқатар бөлімдер мен мекемелер «Шолаққорған — Түркістан» бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағына жұмылдырылды. Онда негізсіз өскен шөптерді отап, тал көшеттердің түптері әктелді.
Сенбілік жұмыстарына 2 250-ге жуық түрлі мекеме қызметкері және белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысты. Жалпы 16 арнайы техника жұмылдырылып, 23 шақырым көше бойлары мен 13 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Бұдан бөлек, өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, арнайы орынға 145 тонна қоқыс тасымалданды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі