• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

САУРАНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 4 МЕКТЕПТІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Автор:admin

Сен 1, 2024
Spread the love

Сауран ауданында 1 қыркүйек — Білім күні аудандағы 56 мектепте жоғары деңгейде аталып өтті. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров білім күнінде 4 мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Аудан әкімі шараға жиналған көпшілікті білім күнімен құттықтап, оқушыларды еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды.
— «Баршаңызды тағы да бүгінгі білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше күні жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және жеңісті жетістіктері көп болсын!», — деді Мақсат Асылбекұлы.
Ауданда биылғы оқу жылына 4 мектеп пайдалануға беріліп отыр, оның 1-еуі мемлекеттік, 3 жекеменшік мектептер. Ал, жыл соңына дейін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 3 мектеп пайдалануға беріледі. Атап өтсек, С.Қожанов елді мекеніндегі 300 орындық, Еңбекші Дихан елді мекеніндегі 600 орындық, Аша елді мекеніндегі 600 орындық білім ұялары оқушыларға есігін айқара ашатын болады.
Ал, келер жылы “Жайлы мектеп” Ұлттық жобасы аясында Ынталы мен Құмтүйін елді мекендерінде 600 орындық екі мектептің құрылысы аяқталмақ. Аудан бойынша 56 орта білім беру ұйымдары болса, оның 41 мемлекеттік, 15 жекеменшік, онда 23 911 оқушы білім алуда, оларға 3578 ұстаз қызмет етеді. Биылғы оқу жылына 2228 бүлдіршін 1 сыныптың табалдырығын аттады.
Балаларымыз-еліміздің болашағы, өміріміздің жалғасы, біздің ең қымбат адамдарымыз болғандықтан, оларды әр түрлі төтенше жағдайлардан
қорғау әр кімнің міндеті болып табылады. Балаларды оқыс оқиғалардан қорғаудың басты жолы-әрқашанда балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және осы ережелерді сақтамау салдары қандай болуы мүмкін екендігін айту болып табылады.
Біздің алдымыздағы ең басты мақсат – балаларымызға сапалы білім беру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға міндеттіміз. Бала қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім — білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды. Ол үшін мектептегі қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмейтіндей болуы қажет.
Біздің алдымыздағы ең басты мақсат – балаларымызға сапалы білім беру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға міндеттіміз. Бала қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім — білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды. Ол үшін мектептегі қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмейтіндей болуы қажет.
Мектептегі қауіпсіздік қашанда басымдыққа ие. Бүгінде қала мектептерінің көбі қауіпсіздік құрылғылармен қамтамасыз етілген. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңашылдықтардың бірі – оқу орындарында турникет құрылғыларының орнатылуы. Бастапқыда ата-аналар мектепте турникет орнатуға күмәнмен қараса, уақыт өте келе пайдасын түсіне бастады. Осы жылдар ішінде ата-аналардың білім беру мекемесін таңдауда қауіпсіздік шаралары, оның ішінде білім ордаларында турникет болуы бірінші орынға шықты. Бұл құрылғылар келушілерді бақылап ғана қоймай, қауіпсіз білім беру ортасын құруға көмектеседі. Бұл құрылғылар ғимаратқа кіруді бақылауға көмектесе отырып, рұқсат етілмеген адамдардың кіруіне жол бермейді. Бұл оқушылар қауіпсіздігі үшін маңызды. Турникеттерде қауіпсіздіктің қосымша деңгейін қамтамасыз ететін бет-әлпетті тану немесе кіру картасы жүйелері жұмыс істейді. Сондай-ақ жан-жақты бақылау жүйесін жасау үшін бейнебақылау сияқты басқа қауіпсіздік жүйелеріне қосылады.
Сонымен қатар, балабақшадағы балалардың қауіпсіздігі барлық тараптардың осы мәселеге кешенді көзқарасына байланысты. Қауіптің дамуына жол бермеу үшін балабақша тәрбиешілері, олардың тікелей жетекшісі және, әрине, ата — аналар қатысуы керек.
Әрбір сүйіспеншілікке толы ата — ана үшін олардың баласы өмірдегі ең жақсы нәрсе. Балалар әрдайым мойынсұнбайды, әсіресе кішкентай кездерде. Сондықтан баланың баласы балабақшаға әкелінген кезде, баланың жарақаттануына жол бермеу үшін өте маңызды.
Балаларды қорғау үшін балалар бақшасындағы балалардың қауіпсіздігі үшін жауапты негізгі ережелер әзірленді. Мұнда әрбір бала үшін күннің өзінде тікелей жанында тұрған адам жауапты.
Оқытушылар үшін еңбекті қорғаудың негізгі ережелері бар. Бұл ұстаным 18 жастағы жастағы адамдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Адам жұмысқа шыққанда медициналық тексеруден өтуі және денсаулық кітапшасын ұсыну керек.
Жұмысқа тіркелгеннен кейін дереу көшбасшы кіріспе брифинг өткізеді. Оқытушы жұмыс істеудің негізгі ережелерін біліп, оларды мінсіз сақтай білуі керек. Ол баланың қауіпсіздігі оның іс — әрекеттеріне байланысты екенін түсінуі керек.
Балабақшада тәрбиеші балалардың тұрған жерлерін қараусыз қалдыруға құқылы емес.
Таңертең жұмысқа келгенде, тәрбиеші топтағы барлық үй — жайларды ақаулықтардың болуы үшін тексереді. Олар анықталған кезде, АПП — ға немесе басшыға хабарлаңыз.
Жұмыс күні ішінде балалармен жұмыс істеу нұсқаулары:
Оқытушы сабақтардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз етуге, қажет болған жағдайда оқу процесінің жақсы жағдайына қол жеткізу үшін сабақ кестесіне өзгерістер енгізуге міндетті.
Баланың өмірге бейімделуіне үлкен мән беріледі, тәрбиеші балабақшадағы қауіпсіздік бұрышы ойнайды. Оның міндеті — адамдардың мінез — құлқын көрсету.
Бұрыштар әртүрлі. Кейбіреулер қиялын, шығармашылық қабілетін дамытуға, басқаларға — жол ережелерін үйренуге, түстер мен геометриялық фигураларды еске алуға бағытталған. Ойынның осындай түрлерінің арқасында балалар тез дамып, жан — жақты қарым — қатынаста болады.
Оқытушы сабақ жүргізуге міндетті, онда бала жол қозғалысы қауіпсіздігін зерттейді. Балабақшада балалардың күнделікті өмірде, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар жағдайында қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйрету қажет.
Сонымен қатар, ұлттық тәрбиемізде «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» дейді. Мұнда үлкен тәрбиелік мән жатыр. Баланың дамып, жетілу кезеңінде неге көңіл бөлу керегі айтылған. 15 ¬жастан асқан бала басқа адамдармен пікір алмасып, кеңестерін, ойларын орташа шығарғысы келеді. Демек, бұл кезеңде балаға психологиялық қолдау керек. Қолдауды балаға ең бірінші кім көрсетуі керек? Әрине, ата-анасы. Ата-ана баласының пікірін, іс-әрекетін қолдап, қолпаштауы қажет. Яғни, өз отбасында қолдау тапқан адам айналасындағы достарына да қолдау көрсете бастайды.
Соңғы кездері мектеп жасындағы балалардың бір-біріне күш жұмсап, қатыгездікке баруы, өшпенділік, жауыздық жасауы, үлкенді сыйламауы секілді әрекеттер жиілеп кетті. Бұл біздің ұлттық болмысымыз бен дәстүрімізге, бабаларымыздан дарыған адамгершілігімізге үлкен сын. Мұндай келеңсіздік балалар арасында әлеуметтік желілерде ашықтық болғаннан бастап пайда болды деп ойлаймын. Себебі қазіргі кезде балалардың ортасы – адамдар емес, әлеуметтік желі. Өйткені ұялы телефонға телмірген оқушылар жас ерекшеліктеріне сай емес ақпараттармен танысуда. Міне, мәселе қайда жатыр!
Біздің және барлық қоғамның жіберіп алған қателігі де осында деп ойлаймын. Бұл мәселені тек мектеп немесе ата-ана шешеді деп қарамауымыз керек, бүкіл қоғам болып қолға алуымыз қажет.
Ең бірінші, баланың тәрбие алатын орны, ол – отбасы. «Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші, баланың тәрбиесі тікелей ата-анаға байланысты және тәрбие әрі қарай мектепте жалғасады. «Әкесі тұрып ұлы сөйлегенннен, анасы тұрып қызы сөйлегеннен без» демекші, біз отбасындағы әке айбыны мен ана мейірімін толық көрсете алмай қалған жоқпыз ба? Шындығында ең үлкен тәрбие – ол әке тәрбиесі. Себебі жүз мектеп берген тәрбие бір әке берген тәрбиеге жетпейді.
Сондықтан отбасында әкенің орны, әкенің сөзі, әкенің мейірімі мен талабы мықты болуы керек. Ана жүрегі қашан да нәзік. Ананың да берер тәрбиесінің орны бөлек. Десе де, қоғамдағы орын алған мәселелер отбасынан бастау алады. Шаңырақтағы естіген, көрген дүниелердің ортадағы көрінісіне айналдырады.
Мектепте тәрбиеге байланысты түрлі қоғамдық жұмыстар арқылы балалардың шығармашылығын дамытып жатқанымен, оқушының көріп отырған ақпараттық ортасындағы мәселелер дұрыс емес. Теледидар арқылы «Астарлы ақиқат», «Көреміз» секілді түрлі бағдарламаларда көрсетіліп жатқан қоғамдағы, отбасындағы келеңсіздіктерді ашық түрде насихаттау дұрыс емес деп есептеймін. Отбасындағы ана мен қыздың, әке мен ұлдың арасындағы тәрбие қалыс қалып жатыр. Себебі ата-анадан алатын тәрбиені осындай батыстық бағдарламалардан, кинолардан көріп, естіп, бойларына сіңіріп жатыр. Осындай жағайлардан кейін қоғамда қатыгез, жауыз балалар пайда болуда.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында көптеген көмектер беріліп жатқанымен, қоғамда әлі де ашкөздікке салынып, болмашы қиындық үшін бір-бірін өлтіруге дейін баратындар бар. Мұндай отбасынан барға қанағат етпейтін, жоққа сабыр ете алмайтын балалардың шығатыны хақ.
Тағы да бір мәселе: мектеп жасындағы балалардың бұзақылық істерін ұялы телефондарға түсіріп алуы, оны қызықтауы сәнге айналуда. Бұл дегеніміз – қоғамға туып тұрған үлкен қауіп. Соғыссыз, қарусыз балалардың болашағына балта шабу деп есептеймін.
Осы орайда, адамның рухын, болмысын қалыптастыру тек мектеп пен отбасы ғана емес бүкіл қоғам болып айналысатын жұмыс дегім келеді. Сондықтан да отбасында балаға «мектеп – сенің екінші үйің», «ұстаз – сенің екінші анаң» деп жиі айтып отыратын болса, обал мен сауапты, жақсы мен жаманды үйрететін болса бала екі жақтан да жақсы тәрбие алатыны сөзсіз.
Әр бала – біздің байлығымыз, болашағымыз. Болашағымыз жарқын болсын десек, бесігімізді түзейік!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика