Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы болып өтті. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын соңында күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, хаттамаға түсіріліп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты. Жиынды аудан әкімі, комиссия төрағасы Ғалымжан Үсенбаев қорытындылады.