Сауран аудан аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату бойынша құрылған жұмысшы топ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау, оның алдын алу мақсатында бүгін, яғни 6 шілде күні Сауран ауданы, Шаға ауылдық округінің аумағынан жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан тасымалдау кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алуға кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.
Нәтижесінде, заңсыз тасымалдау кезінде 2 HOWO маркалы ауыр жүк көліктері және бір жер қазушы LK техникасы жер қойнауын қазып, тас артып жатқандығы анықталды.
Жүк көлігінің жүргізушілерінен рейд кезінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша түсініктемелер алынып, жүк тасу көлігі заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа тоғытылып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетейік, жұмысшы топ өкілдері, жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында бұл жұмыстар жалғасатын болады.
Қосымша сұрақтарыңызбен ұсыныс пікірлеріңіз болған жағдайда Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөліміне және 102 сымтетігіне хабарласуға болады. Байланыс тел: 87053710301, 102.