• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

САУРАН: АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ ДӘРІГЕРЛЕР 150 ТАРТА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Автор:admin

Ноя 3, 2023
Spread the love
Шалғай ауылдардағы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында Сауран аудандық емхана басшысының жоспарына сәйкес, ашық есік күндерінің кестесі бекітілген. Кестеге сәйкес бүгінге дейін Жібек жолы ауылдык округінде ашық есік күні өткізілген болса, бұл жолы дәрігерлер Майдантал ауылына барды.
Ашық есік күнінде онколог, маммолог, травмотолог, невропатолог, окулист, отоларинголог, кардиолог, эндокринолог, фтизиатр, пульмонолог және УДЗ дәрігерлері 150-ге жуық ауыл тұрғындарын қабылдап тиісті ем-шараларын тағайындап, медициналық кеңестерін жүргізді. Одан бөлек, МӘМС жүйесі аясында арнайы диагностикаларға жолдамалар тағайындай отырып, толық тексеруге мүмкіндік барын жеткізді.
Сонымен қатар, ҚР ДСМ-нін 65 бұйрығы негізінде тұрғындардың қандағы холестерин деңгейі өлшеніп, жүрек электрокардиограммасы түсіріліп, скринингтік тексерулерден өткізілді. Тексеруге келген тұрғындар дәрігерлерге өз алғыстарын білдіре отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика