• Вт. Июн 24th, 2025
Популярные метки

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров: «ТАПСЫРМАЛАР УАҚЫТЫЛЫ ӘРІ НӘТИЖЕЛІ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС»

Автор:admin

Июн 23, 2025
Spread the love
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен апталық аппараттық жиын өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл округтері әкімдері, сондай-ақ салалық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Жиналыстың күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – облыс әкімі бекіткен үш жақты келісімнің 2025 жылдың 6 айына арналған жоспарының орындалуы туралы баяндама тыңдалды. Осы бағыттағы жұмыстардың барысын ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бектөре Ешжан таныстырды. Ол жоспарға енгізілген іс-шаралардың іске асырылу деңгейіне толық тоқталып, әрбір бағыт бойынша нақты деректер ұсынды.
Күн тәртібіне сәйкес екінші мәселе бойынша ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Марат Қалеке аудан көлеміндегі мешіттердің құжаттарын заңдастыру жұмыстарының барысы туралы баяндады. Ол заңдастыру іс-шараларының бүгінгі таңға дейінгі нәтижесін көрсетіп, кейбір проблемалық тұстарды атап өтті. Жауаптылардың назарын мешіттердің толық құжаттамасын реттеу және талапқа сай жүргізу бағытындағы маңызды шешімдерді орындауға бағыттады.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров сөз алып, әрбір саланың басшысына жеке тоқталып, нақты тапсырмалар берді. «Әрбір бағыт бойынша бекітілген іс-шаралар толық көлемде және мерзімінде орындалуы тиіс. Осы тұрғыда бақылауды күшейтіңіздер. Біз үшін маңыздысы – жұмысымыздың нақты нәтижесі, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, мемлекеттік бағдарламаларды толық іске асыру. Осы тапсырмаларды мұқият орындаңыздар!», – деп атап өтті аудан басшысы.
Жиналыс соңында бірқатар тапсырмалар нақтыланып, әр бағыт бойынша мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондай-ақ, орындаушылар мен жауаптыларға тапсырмаларды тиянақты іске асыру, есепті уақытында ұсыну жүктелді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика