• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

САУРАН: АУДАН ПРОКУРАТУРАСЫ ҰРЫ ҚАРЫДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕКТІГІН ТҮСІНДІРЕДІ

Автор:admin

Авг 18, 2023
Spread the love

Аудан көлемінде тіркелген ұрлықтардың қатарында ұялы телефон ұрлығы 4 (7); мал ұрлығы 5(9) және пәтер ұрлығы 6(16) болып отыр.
Әлі күнге кең таралған қылмыс түріне жататын ұялы телефон ұрлауды көбіне қалта ұрылары жасайды. Оның көбеюіне басты себеп – ұрланған телефон ұсталған болса да сатып жіберуге мүмкіндік бар. Тіпті, бөлшектеп сатуға да болады. Өткізу мүмкіндігіне орай ұрылар телефон сатып жеңіл пайда табуды көздейді.
Сондықтан аудан тұрғындарының өз мүлкіне мұқият қарап, түрлі жағдайдан сақ болуын сұраймыз. Ұялы телефонды ішкі қалтаға салып жүруге кеңес береміз.
Сондай-ақ, сөмкеге салсаңыз аузын мықтап бекіту қажет. Осындай қарапайым ережелерді сақтай отырып, қалта ұрыларының жолын кесуге болады.
Енді, мал ұрлығына келер болсақ, 2020 жылы Қылмыстық кодекске «мал ұрлығы» деген жаңа 188-1 бабы енгізілген болатын. Бапта мал ұрлығы үшін ең ауыр жаза 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Баптап-күткен малының бір сәтте қолды болуы немесе өрістен жоғалуы кімге болса да оңай тимесі анық. Сол себепті мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Қараша, желтоқсан айларында соғым науқаны басталатыны мәлім. Сол себепті мал ұрлығы көбеюі мүмкін.
Жүргізілген талдауға сүйенсек, мал ұрлығын жасауға бірқатар себептің ықпал ететіні анықталды. Біріншіден, малдың қараусыз жайылуы, меншік иелерінің өрістегі малға немқұрайды қарауы. Малшымен келісім-шарттық қатынасының болмауы, тұяқты малды қараусыз қалдырып, ұрлықтың кедергісіз жасалуына немесе түліктің өрістен жоғалуына ықпал етеді. Екіншіден, мал тұратын орын көп жағдайда жабдықталмағандықтан қылмыскер мал қорасына кедергісіз енеді. Үшіншіден, иелері малды таңбалау мен сырғалауды уақытылы жүргізбегендіктен, ұрланған малды тану қиын. Сол себепті кез келген малды санақ жүйесіне енгізу керек.
Құжатсыз мал тасымалдауға әкімшілік жауапкершілік көзделгендіктен төрт түлікті уақтылы тіркеуге қою қажет. Қорыта айтқанда, ауыл тұрғындары малдарын сырғалап, таңбалап, құжаттарын ретке келтіруі тиіс. Сонымен қатар, малды қараусыз жібермей, мұқият бағу үшін бақташы жалдау дұрыс. Малшымен келісімшарт жасалғаны жөн.
Құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмысты ашу жолында құқық қорғау органдары аянып жатқан жоқ. Ведомствоаралық жиындар өткізіп, әртүрлі шаралар өткізіп отырған аудан прокуратурасы халықты мал-мүлкіне мейлінше сақ болуға шақырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика