• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ЖАСТАРҒА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Июн 1, 2023
Spread the love

Абай ауданы жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» өкілдерімен бірге мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бағытында аудан аумағында орналасқан базарларда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру.
Түсіндірме жұмыстары барысында жастарға мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ақылы қоғамдық» жөнінде ақпараттар берілді. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын 2,5% жеңілдетілген несие жөнінде толыққанды ақпарат айтылып, қажетті құжаттардың тізімі мен оқу барысындағы өзгерістер туралы түсіндіріліп, жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Айта кетейік, “Жастар практикасы” уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 35 жастан аспаған “жұмыссыз” мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.
астар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика