Мерекеге орай Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері іс- шара өткізді. Салтанатты жиында бөлім бастығы Е.Бейсебаев құттықтау тілегін жеткізіп, қызметте жауапкершілік, кәсіби шеберлігімен ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар шара соңында қызметкерлерге Конституция тарихы жайлы деректі фильм көрсетілді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.