Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудан прокуроры Н.Алдабергенов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Бейсебаев Жібек жолы кеден бекетінің маңындағы қоршауларды жылжыту және бейне бақылау камераларын орнату бойынша кәсіпкерлермен арнайы кездесті.
-Аудан аумағындағы заңсыздықтарды ретке келтіру қашанда күн тәртібінен түспейді. Дей тұрғанмен кәсіпкерлерге де заң асында қолдау көрсететін боламыз,-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Кездесу барысында ретсіз салынған дүңгіршектерді заманауи үлгідегі дүңгіршектерге ауыстыру, қоршауларды жылжыту бойынша кәсіпкерлерге заң аясында түсіндірді.