Аудан орталығындағы ретсіз, заңсыз сауда орындарын ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаншама уақыттан бері «қызыл сызықта» орналасқанын білсе де, саудасын жалғастырып келе жатқан саудагерлердің әрбірімен түсіндіру жұмыстары тұрақты ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда 4 кәсіпкерлік нысандағы дүңгіршек жұмысын тоқтатқан, және егелері тарапынан өз еркімен бұзылуда. Ал басқа азаматтарға қысқа уақытқа мерзім берілген.
Осы және өзге де мәселелермен аудан әкімі Арман Сәбитов Ақсукенттегі Абылай хан және Жібек жолы көшелерінің бойын жаяу аралады. Алдағы уақытта атқарылатын көріктендіру, абаттандыру, орталық жолды кеңейту мәселелерін тағы да пысықтады. Ол үшін жоспарланған істерді жүйелі түрде жүргізу қажеттігін жауапты орынбасары, салалық бөлім басшыларына және Ақсукент ауыл округі әкімдігіне тапсырды.