Белгіленген алгоритмге сәйкес, мобильді топ тарапынан аудан аумағында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу мақсатында мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Осы топтың құрамында аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев болды.
Тексеру барысында Қарамұрт ауылдық округіне қарасты 171 орамында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым санатындағы 38,6 га жер телімінде жердің нысаналы мақсаты ауыстырылмай, жер қойнауын заңсыз пайдаланып отырған нысан анықталды. Аталған аумақта HITACHI эксковаторы және SHACMAN ауыр жүк көлігімен (тас) жүргізілген қазба жұмыстары бойынша бейне және фотокамераларға түсіріліп, 102 нөміріне хабарланды. Аудандық полиция басқармасы тарапынан эксковатормен ауыр жүк көлігі заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұраққа қойылды.
Жер телімін нысаналы мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін жұмысшы топ мүшелері акт толтырып, құзырлы органдарға заң талаптарына сәйкес шара қолдану үшін жолданды.
Алдағы уақытта заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында бақылау жұмыстары жалғастырылатын болады.