Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді еңбек етіп жүрген жанашыр азаматтарымыздың қатарын арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында «Киелі мекен» апталығы жалғасын тапты.
Бұл апта аудандағы барлық қала және ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналады
Аталмыш апталық аясында өңірдегі тарихи мәдени ескерткіштер ретке келтіріліп, абаттандырылды.
Манкент ауылы аумағындағы «Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж.» ескерткіші төңірегінде гүл көшеттері отырғызылып, сырлау, әктеу, қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасында ауыл белсенділері мен жастар, мекеме қызметкерлері мен қоғамдық жұмысшылар белсенділік танытты.
Баршаңызды «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысуға шақырамыз.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі