Сайрам аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес «қоғаммен серістестікте қоғамдық қатынастарды қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» таныстыру бойынша іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімі, ардагерлер, полиция қызметкерлері басқа да тиісті сала қызметкерлері қатысты.
Сайрам аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Б.Зиятаев баяндама жасап, әзірленіп жатқан тұжырымдаманың негізгі тәсілдері мен бастамаларын түсіндірді.
Жиын соңында қатысушылар, азаматтар санасында полицейлер қиын жағдайда көмек көрсетуші екенін алға тартып, сервистік модельді енгізу жұмысы қаралды. Сондпй-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірлесіп қызмет етуге уағдаласты.