Сайрам ауданында жол апатының алдын алу мақсатында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Акция республика аумағында 14-16 маусым аралығында өтеді. Аталған акция ауданда Түркістан облысының Полиция департаменті мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен өткізілуде. Бүгінде облыс аумағында жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Осыған орай акцияда көлік жүргізушілерге жолда жүру ережелерін түсіндіру жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, шара аясында полиция қызметкерлері тұрғындарға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, әлеуметтік және құқықтық мәселелерге қатысты ақпараттар айтты. Одан бөлек, акцияға келушілер тарапынан көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар, жол белгілерін ауыстыру және әкімшілік айыппұлдарды төлеу, көші-қон заңнамасын сақтау мәселелері сөз болды.
Полицейлердің пікірінше, балалар, әсіресе демалыс кезінде өздері болғандақтан апатқа ұшырайды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің бастамасымен демалыс кезінде қала жолдарындағы жол белгілерін жаңартылуы басталды, мысалы, жаяу жүргіншінің өтуі кезінде құлаққап кимеу туралы еске салғыштар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі