• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ОРЫНҒА ҚОҚЫС ТАСТАҒАН АЗАМАТ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Автор:admin

Май 24, 2024
Spread the love

Бүгін қала әкімдігінің ресми парақшасына Стадион тұрғын алабындағы жыраға қала тұрғынының қоқыс қалдықтарын белгіленбеген жерге төккені туралы хабарлама түсті.
Құқық бұзушы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Қайталап бұзған жағдайда айыппұл еселеніп салынатындығы ескертілді.
Құрметті жерлестер! Көктем басталғалы барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бірлесіп қаланы тазу ету мақсатында тұрақты түрде сенбіліктер өткізіп келеді. Бір шетін тазалап жатқанда, екінші жақтан қоқыс тастап, еңбекті еш ету – халыққа сын.
Экология министрлігі белгіленген орындардан тыс жерде қоқыс шығарғаны үшін айыппұлдарды ұлғайтуды көздейтін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер әзірледі. Мысалы, жеке тұлғалар үшін 50 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 100 АЕК-тен 750 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК-тен 2000 АЕК-ке дейін. ӘҚБтК-дегі осы түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астананы және Республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы шеңберінде көзделген, ол бүгінде қоғамдық тыңдаудан өтті және көрсетілген түзетулер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
Қадірлі жерлестер! Егер Сіз қоғамдық орындарда өрескел заңбұзушылықтың куәсі болсаңыз, үнсіз қалмай, құқық қорғау органдарына шұғыл хабар беруіңізді сұраймыз!
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика